Танымал актер, көрерменге «Рэкетир» фильмі арқылы жақсы таныс Мұрат Бисембин инсульт алып, жедел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл туралы актердің қызы Instagram желісінде жазып, әкесінің денсаулығы бірқалыпты емес екенін мәлім етті.
«Көпшілік әкемнің жағдайын сұрап жатыр. Нақты бірдеңе айту қиын бірде жақсы, бірде нашарлап кетеді. Қазір біз барынша позитивті сақтап, көңілге қаяу салмауға тырысамыз. Соңғы бір жарым жыл әкем үшін де, анам үшін де оңайға соқпады: аурухана, емхана, талдаулар, химиялық терапия, қалпына келтіру – мұның бәрі бізге ауыр сынақ болып тұр», – дейді актердің қызы.
Актердің әріптесі Жан Байжанбаевтың айтуынша, Мұрат Бисембин бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық аурумен күресіп келеді. Соңғы күндері оның жағдайы күрт нашарлап, шұғыл түрде қымбат иммунотерапия қажет болған.
Қазір актердің достары мен әріптестері әлеуметтік желілер арқылы қаражат жинауға кірісті. Олар қаржылай қолдаудан бөлек, дұға-тілек пен қарапайым адами қолдаудың өзі аса маңызды екенін айтып отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мұрат Бисембиннің отбасы жақсылыққа сенім артып, актердің аурудан айығып, ремиссияға шығатынына үміттенеді.

