Қазан айында қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Ertenmedia.
25 қазан Республика күніне орай қазақстандықтарға қосымша демалыс беріледі. Бұл мереке 2022 жылдан бастап ресми демалыс күні саналады.
Биыл Республика күні сенбіге сәйкес келіп отыр. Заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбіге 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 25, 26 және 27 қазан күндері үш күн қатарынан демалады.
Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25-26 қазан күндері ғана демалыс болып, 27 қазан жұмыс күні саналады.
Бұл күндері республика бойынша концерт, фестиваль, көрме мен түрлі спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланған.

