Прокурор Мәдина Оразалина атышулы іс бойынша негізгі фигурант Перизат Қайратқа жаза мерзімін жария етті деп жазады Ertenmedia.
Мемлекеттік айыптаушы соттан 10 жыл сұрап отыр. Перизаттың барлық дүние-мүлкін тәркілеу, қайырымдылық қызметімен айналысуға толық тыйым салу керек дейді.
Перизаттың анасы Ғайни Алашбаеваға 8 жыл жаза кесуді сұрауда.
Прокурор Арман Кезекеннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде пир жасап, сауық құрған анасы мен қызының жазасын жеңілдететін ешбір негіз жоқ.
Айыптаушылар Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваны 3 бірдей алаяқтық эпизодқа қатысы бар деп есептейді.
Атап айтқанда: балаларға арналған оңалту орталығын салу, Пәлестина тұрғындарына және Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету деген желеумен халықтан жиналған қаражатты иемденіп кеткен.
Айыптаушы тараптың мәлім еткеніндей, Перизат-Ғайни тандемі халық жинап берген 3.5 млрд теңге садақаны төгіп шашқан.
Перизат Қайрат өзіне тағылған айыпты мойындамай, мұны «тергеушілердің фантазиясы» деп деп отыр.