Иранда тұратын этникалық қазақтар АҚШ пен Израиль тудырған қақтығыстың қысымына қарамастан Қазақстанға көшуге ықыласты емес деп хабарлайды Ertenmedia.kz Теғранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Жоқардың мәлімдемесіне сүйеніп.
12 наурызда өткен баспасөз мәслихатында елші Жоқардың айтуынша, Ирандағы қазақ диаспорасы жергілікті халықпен етене араласып, елмен тағдырын берік байланыстырған.
«Ирандағы қазақ диаспорасы жергілікті қоғамға терең сіңісіп, өздерін ирандықтардан бөліп қарамайды. Тіпті 40 жыл бұрынғы Саддам Хүсейннің агрессиясы тұсында да қазақтар ирандықтармен бірге ел қорғауға шыққан», – дейді елші.
Жоқардың сөзіне қарағанда, елшілікке түсетін сауалдардың дені екі ел азаматтарының сапары, іскерлік байланыстар және күнделікті тұрмыс-тіршілік мәселелерімен байланысты.
Каспийдегі қауіпсіздік тақырыбына да тоқталған елші Иранға қатысты қазіргі шиеленіс теңіздегі тұрақтылыққа әсер етпейді деген пікірде.
«Каспий теңізінің жағалауындағы бес мемлекет теңіздің қауіпсіздігін тек өздері қамтамасыз етуі керек деген ортақ ұстанымда. Теңізде сыртқы күштердің араласуына жол берілмейді», – деді Джокар. Оның айтуынша, жағалаудағы елдердің тығыз ынтымақтастығы аймақтағы тыныштықты сақтап келеді.
Иранда не болып жатыр? Бұған дейн біз президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап келгенін жазған едік.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







