Қырғызстанда өзін президент Садыр Жапаровтың кеңесшісі әрі туысымын деп таныстырған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды ErtenMedia.
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) мәліметінше, күдікті шамамен 50 миллион сом тұратын көмір кен орнын шетелдік компанияның меншігіне беруді талап еткен. Ол бұл талабын орындамаған жағдайда кен орнын иеленушіні құқық қорғау органдары арқылы қамауға алдыртамын деп қорқытқан.