Әнші Сәкен Майғазиев Нұрлан имамның алдында діни тақырыпта әңгіме айтып, жұртты ұйытты, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Маған сөз берді екен деп, Нұрлан имамның алдында көсіліп сөйлеп тұрған мен де жүрек жұтқан жігіт екенмін», – деп әзілдеді әнші.
Сәкен Майғазиев өз сөзінде танымал түрік жазушысы Элиф Шафактың даналығын мысал етіп келтірді.
– Жақсы көретін жазушым Элиф Шафактың мынадай сөзі бар: «Алла тағала барлық адамның ой-санасын, бітім-болмысын, түр-келбетін бірдей етіп жаратуға да құдіреті жетер еді. Бірақ Алла тағала осылай қалады». Демек, бір адамды екіншісінен кем санау үлкен қателік. Керісінше, бірімізді біріміз толықтырып, жақсылығын асырып, кемшілігін жасырып жүрсек қана шынайы адам бола аламыз, – деп өсиет айтты әнші.
Оның бұл сөзі желіде көпшіліктің көңілінен шығып, оң пікірлерге ие болған.
Ал іздеуде жүрген атышулы блогер «Түрмеде темекісіз қалдырмаңдар» елге үн қатты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







