Қазақстанның салық органдары мобильді аударымдар мен салық төлемдерін толық бақылауға дайын. Биыл Қаржы министрлігі жаңа цифрлық жүйеге көшті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мәжіліс журналистер сауалына жауап берген ҚаржыМин Мәди Тәкиевтің айтуынша, бұрынғы 14 бөлек ақпараттық жүйе бес негізгі жүйеге біріктірілген. Олар қазір бірыңғай «деректер көліне» жинақталып, шамамен 100-ге жуық мемлекеттік және ведомстволық база интеграцияланған.
«Бүгінде мемлекеттік кіріс органдары әрбір салық төлеуші туралы толық ақпаратқа ие. Оның ішінде жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары, банк есепшоттары барлығы бақылауда.
Сонымен қатар, біз басқа мемлекеттермен де белсенді түрде ақпарат алмасып отырмыз. Қазір Қазақстан салық төлеушілері жайында 65 елден тұрақты деректер алып тұрамыз.
Бұл ақпарат жыл сайынғы халықаралық дерек алмасу аясында және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ОЭСР) бірлескен келісімдер арқылы іске асып отыр», – деді министр.
Дегенмен министр Қазақстан шенеуніктері жиі баспана сатып алатын Біріккен Араб Әмірліктерімен автоматты түрде ақпарат алмасу жүйесі жоқ екенін айтты. Бүгінде БАӘ-мен тек хат алмасу деңгейінде ғана байланыс орнатылған. тұрақты деректер алмасу мәселесі әзірге шешімін таппаған.
Бұған біз ҚаржыМин-ге сауал жолдап мобильді аударымға қатысты шындық пен аңызды ажыратып берудің сұрағанбыз. Тәкиевтің орынбасары жеке тұлғалардың мобильді аударымын бақылау тәртібі қандай болатынын түсіндірген еді.

