Сарыағаш қаласында колледж студенттері үшін 101 төсек-орынға арналған жаңа жатақхана бой көтеруде. Жоба жеке кәсіпкердің бастамасымен және мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі арқылы жүзеге асты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жатақхана құрылысы кәсіпкердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Одан соң мемлекет шығындарды 6 жыл ішінде өтей бастайды.
Жобада тұрғын үй-жайлары, санитарлық-гигиеналық жабдықтары, демалыс аймақтары және оқу орындары бар заманауи ғимарат салу көзделген.
Аталған жатақхана құрылысы өңірлік білім беру инфрақұрылымын дамытуға өзіндік үлесін тигізеді деп күтілуде. Жобаны іске асыру — студенттерге жағдай жасауға және оқытудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба мемлекет пен кәсіпкерлердің әлеуметтік міндеттерді шешудегі табысты іс-қимылының үлгісі.

