Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина делегациялары арасында келіссөздер басталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
«Сауд Арабиясындағы Джиддада украиналық және америкалық делегациялардың кездесуі басталады», — деп жазылған Украина СІМ хабарламасында.
Украина СІМ Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига, Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак және Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеровты қосқанда, Украина делегациясы кездесуге жиналып жатқан видео жариялады.
Әлеуметтік желілерде АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуінен алғашқы суреттер жарияланды. АҚШ-тан келіссөздерге Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц және Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткофф қатысады.
Айта кетейік, бұған дейін Fox News арнасына берген сұхбатында АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф 16 ақпанда америкалық делегация Ресей өкілдерімен келіссөздер өткізу үшін Сауд Арабиясына барғанын мәлімдеді.
Ал бұған дейін БАҚ-та үш тарап Сауд Арабиясында келіссөздер жүргізетіні туралы ақпарат тараған болатын.
Жуырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайға пікір білдіріп, еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығының ең басты құндылық екенін атап өтті.