С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде И.А. Сауэр атындағы Smart-аудитория ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Атаулы аудитория университеттің көрнекті түлегі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Родина» агрофирмасы ЖШС-нің бас директоры Иван Адамович Сауэр есімімен аталды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, ғылыми қауымдастық мүшелері мен студенттер қатысты. Сонымен бірге Иван Адамовичтің курстастары да арнайы келіп, студенттік жылдарды еске алып, бұл бастаманың университет пен түлектер қауымдастығы үшін мәнін атап өтті.
Салтанат аясында ашылған Smart-аудитория заманауи мультимедиялық технологиялармен, цифрлық оқыту элементтерімен толық жабдықталған. Жаңа білім беру кеңістігі студенттердің икемді ойлауын дамытуға, практикалық дағдыларын жетілдіруге және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған. Аудитория университеттегі білім берудің цифрлық трансформациясы талаптарына толық сәйкес келеді.
Рәсім барысында Иван Адамович Сауэрдің университетті дамытуға қосқан үлесіне айрықша тоқталды. Қоғамдық белсенділігі мен меценаттық қызметі арқылы ол ұзақ жылдар бойы білім беру саласындағы бастамаларды қолдап келеді. Атаулы аудиторияның ашылуы туған оқу орнының инфрақұрылымын нығайтуға, студенттер мен оқытушылар үшін технологиялық әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған осы еңбектердің заңды жалғасы ретінде бағаланды.
Университеттің Басқарма төрағасы – ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов Иван Сауэр тұлғасының университет пен ел үшін маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Сауэрдің С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің көрнекті түлегі әрі құрметті профессоры болуы оқу орны үшін үлкен мақтаныш. Ректор бұл аудиторияны жай ғана оқу кабинеті емес, студенттерді еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және туған жерге адал қызмет етуге тәрбиелейтін шабыт мекені деп сипаттады.

Іс-шара жалғасында Иван Адамович Сауэр «Аграрлық бизнесті басқару тәжірибесі және ауыл шаруашылығының орнықты дамуы» тақырыбында ашық дәріс оқып, аграрлық саладағы басқарушылық тәжірибесі мен көзқарастарымен бөлісті.
Атаулы Smart-аудиторияның ашылуы университеттің материалдық-техникалық базасын күшейтуге, аграрлық сала үшін заман талабына сай, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Таиландта апатқа ұшыраған катердің салдарынан зардап шеккен қазақстандық туристердің жағдайы туралы мәлімет берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

