Астанадағы экс-премьер Кәрім Мәсімовке тиесілі болған зәулім үй әлеуметтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Бірақ нақты шешім әлі шыққан жоқ, деп хабарлайды Ertenmedia.
Бұл туралы мәселені қазір қала әкімдігі қарап жатыр. Алайда үйдің мемлекет меншігіне қалай өткендігі нақты белгісіз. Белгілісі, жылжымайтын мүлік Бас прокуратура арқылы рәсімделген. Бірақ мүліктің ерікті түрде берілген-берілмегені туралы ақпарат жоқ.
ҰҚК-ның экс-төрағасының үйінен табылған құнды жәдігерлер – антикварлы саблялар, сирек кездесетін көне монеталар мен басқа да бағалы бұйымдар жеке актив ретінде саудаға шығарылады.
Олар арнайы аукцион арқылы жеке-жеке сатылады немесе топтамалық лот ретінде пакетпен ұсынылады.
Әзірге бұл бұйымдардың нақты құны белгісіз, бірақ олардың бағасы айтарлықтай қымбат болуы ықтимал. Мәсімовтің үйінен тәркіленген бағалы заттардың арасында сирек кездесетін әрі тарихи құны бар дүниелер бар екені белгілі болды.
«Мұрттыға» тиесілі мүліктің әлеуметтік мақсатта пайдаланылуы халық тарапынан қолдау табуы мүмкін.