Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жаңа қызметте ол ұлттық боксты дамыту мен құрамалардың нәтижесін жақсарту бағытына жауап береді.
Федерация мәліметінше, Сәпиев енді саладағы жүйелі жұмысқа ден қояды. Оның ішінде спортшыларды ірі турнирлер мен Олимпиада ойындарына дайындау мәселесі де бар.
Серік Сәпиев Лондон-2012 Олимпиадасының чемпионы, сондай-ақ 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының жеңімпазы ретінде танылған. Спорттық жолын аяқтағаннан кейін ол бірқатар мемлекеттік қызмет атқарды, соның ішінде Мәжіліс депутаты да болды.
2024 жылдың қарашасында Сәпиев Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған еді. Алайда 2026 жылдың ақпанында қаңтардағы орынбасарымен байланысты оқиғадан кейін қызметінен кетті.
3 ақпаннан бастап ол Қазақстанның туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі әрі XX жазғы Азия ойындарына дайындық штабының спорт блогы бойынша үйлестірушісі ретінде жұмыс істеп келеді.
Еске салсақ, қаңтар айында Серік Сәпиев пен самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімханов арасында сөзден басталған жанжал кейін төбелеске ұласқан еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







