Жуырда Түркістан облысы, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінде тұратын Оңайовтардың шаңырағында үшем дүниеге келген болатын. Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев жас отбасына барып,сый-сияпаттарын табыстады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Айта кетсек, Шардара ауданында 2024 жылдың 17 желтоқсан күні Серік Аянат Ғазизқызы, Серік Айқын Ғазизұлы, Серік Айдын Ғазизұлы деген үшемдер дүниеге келді.
Анасы Төлеген Асылзада Әбдіғаппарқызы 2000 жылы 6 қарашада Жетісай қаласында дүниеге келген. Әкесі Оңай Ғазиз Серікұлы 1995 жылы 29 қыркүйекте Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінде туған. Ол Жаушықұм мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі.