Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, 17 қазанда кәмелетке толмаған Ш.Полатты өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті — К. ұсталған.
«Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасып жатыр. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында», — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Талғардағы оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған.
Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейін қанша қару тәркіленгенін айтты.
«Қазіргі таңда үш пышақ тәркіленді. Оның екеуі ас үй пышағы. Сондай-ақ бір мылтық бар. Қару ешқайда тіркелмеген. Департамент оны сараптамадан өткізіп жатыр», — дейді Серік Шалқаров.