Талғарда жерлеу рәсімі кезінде тосын жағдай болған. Полиция мән-жайды түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Бүгін сағат 15: 30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға болды. Азамат Н. прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елемей, өзін өте агрессивті ұстай бастады, суицид жасаймын деп қорқытты, сондай-ақ полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н.-ның жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтінішімен оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады. Азамат Н. ұсталды. Қазір ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істейді», — деп жазылған полиция хабарламасында.
Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеп, азаматтарды сабырлы болуға шақырды.