Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамыту мен насихаттауға қосқан ерекше үлесі және мәдениет саласындағы елеулі жетістіктері үшіндық мәслихатының депутаты, мәдениет қызметкері Нұртай Тілеужан «Құрмет» орденімен марапатталды.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәдениет қайраткерін жоғары марапатымен құттықтап, алдағы уақытқа шығармашылық табыстар тіледі.
Нұртай Тілеужан Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. 1991 жылы алғаш рет Қазақстанға айтыс сайысына қатысу үшін келген, ал 1992 жылы отбасымен бірге тарихи отанына қоныс аударып, Ұлан ауданының Айыртау ауылына тұрақтаған. Қазақстанға келген соң, ауыл шаруашылығында еңбек етіп, кейіннен аудандық мәдениет үйіне жұмысқа орналасқан. Ол өзінің шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділігі арқылы танылып, бес рет аудандық мәслихат депутаты болып сайланған.
Нұртай Тілеужан – аудандық мәдениет үйінің солисі ретінде өнер көрсетіп, айтыс өнерінде де белсенділік танытқан. Ол өзінің шығармашылығы арқылы ұлттық мәдениетті насихаттап, жастарға үлгі болуда.
Ол қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге атсалысады. Ол «Парасат жолы» жобасы аясында ұйымдастырылған рухани кездесулерге қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосуда.