Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар ұсталды деген ақпарат тарап жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ақпарат алғаш рет «Письма президенту» телеграм-арнасында жарияланды. Әкім орынбасарынан басқа да тұлғалардың ұсталғаны туралы мәлімет бар.
Осыған орай, Ertenmedia-ның сауалына жауап берген ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі аталған лауазымды тұлға туралы қандай да бір мәлімет жоқ екенін айтты. Интернет желісінде тараған ақпарат ресми дереккөздермен расталмағанын мәлімдеп отыр. Бірақ, бір нюанс бар…
Әкімдіктің редакцияға берген ресми түсініктемесіне сәйкес, Жақсылық Омар қазіргі уақытта денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысына шыққан.
Бұған дейін Сақтағанов тарапынан Шнайдер көпіріне қатысты сын айтылып, облыс әкімі жемқорлықтың алдын алу жөнінде құқық қорғау органдарымен бірнеше мәрте кеңес өткізген еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

