Қытай Қазақстандағы Конституция референдумының сәтті өтуімен құттықтап, ел болашағына сенім білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
16 наурызда Қытай Сыртқы істерінің ресми өкілі Линь Цзянь Қазақстанда өткен жаңа Конституция жөніндегі жалпыхалықтық референдумға қатысты пікір білдірді.
«Қазақстан жаңа Конституция бойынша жалпыұлттық референдумды сәтті өткізді. Қытай тарапы көрші әрі мәңгілік стратегиялық серіктес ретінде Қазақстанның тұрақты дамып, әлеуметтік гүлдену жолын ұстанғанын қуанышпен қолдайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның мемлекеттік құрылыс саласында жаңа әрі биік жетістіктерге жететініне және «Әділетті Қазақстан» құру жөніндегі ауқымды мақсаттардың орындалатынына сенімдіміз», – деді Линь Цзянь.
Оның айтуынша, Қытай Қазақстанмен екіжақты қатынастарға зор мән береді және президенттер деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға дайын.
«Қытай Қазақстанмен жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетіп, екі ел байланысын жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе күш салуға әзір», – деді ресми өкіл.
Еске сала кетсек, жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум Қазақстанда 15 наурыз күні өткен болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







