Елдос Сметовтың ауылы таза суға жарымай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ұлысмедиа дерегінше Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Жалпақсаз ауылы бірнеше жылдан бері ауыз су тапшылығын тартып келеді. Париж Олимпиадасының чемпионы атанған әйгілі балуан Елдос Сметов туып-өскен ауылда қазір шамамен 80-ге тарта үй бар.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылға екі-үш жыл бұрын газ кіргенімен, ауыз су мәселесі сол күйі шешілмеген.
«Су ауылға әрең жетеді. Кей күндері тіпті тамбай қалады. Жергілікті халық суды тасып ішуге мәжбүр. Құзырлы органдар жиі келіп, жағдайды тексеріп, уәде беріп кетеді. Бірақ мәселе өзгермей отыр. Ауылдағы асфальттың да жағдайы нашар», – дейді ауыл тұрғындары.
Тұрғындардың айтуынша, Елдос Сметовтың отбасы қазір Таразда тұрғанымен, ауылдағы қарашаңыраққа жиі келіп тұрады екен.
Еске сала кетейік, жақында ғана Париж Олимпиадасында 60 келі салмақта күрескен Елдос Сметов алтын медаль иеленіп, бұған дейінгі олимпиадалық қола және күміс жүлделерінің қатарына алтынды да қосты.
Айтқандай Балқаштың суы молайып, балығы көбейіп жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

