Сонымен атышулы Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты апелляциялық сот шешімі шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұған дейінгі үкім еш өзгеріссіз қалды. Ескі Қазақстанның үміті үзіліпті.
«Апелляциялық сот бұл істі жан-жақты қарап шықты. Бірінші сатыдағы сот үкімі өз күшінде қалды және заңды күшіне енді», – деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі.
Еске сала кетсек, Гүлмира Сатыбалды былтыр тамызда 12 жылға бас бостандығынан айырылған тұғын. Оған «адамды бас бостандығынан заңсыз айыру» және «бопсалау» баптары бойынша айып тағылған. Сонымен бірге оның барлық мүлкі тәркіленген еді.
«Біз білмейтін былық-шылығы одан да көп», — деп жазып жатыр өз кезегінде желідегі жұрт.
Жалпы, Гүлмира Сатыбалды бұған дейін де бірнеше рет сотталған. 2023 жылы маусым айында Қызылорда қаласының соты оны «Бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 8 жылға түрме жазасына кескен. Одан бұрын Астана соты «Адам ұрлау» және «Өзінше билік ету» баптарымен тағы 7 жыл мерзім берген еді.
Ertenmedia Сатыбалды туралы аз жазған жоқ. Гүлмираның соты кезінде оның ағайын-туыстары шатақ шығарып, процеске кедергі келтіруге тырысқан болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

