Қазақстандықтар биыл Kia маркалы көліктерге ерекше ықылас танытып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Қазақстанның Автокөлік Одағының» мәліметінше, Kia қаңтар айында ел нарығындағы сатылым көлемі бойынша бірінші орынға шыққан.
Бір ай ішінде қазақстандықтар 2774 Kia көлігін сатып алған. Бұл былтырғы қаңтар айындағы көрсеткіштен бірден 183 пайызға жоғары. Тіпті өткен желтоқсан айымен салыстырғанда 44 пайызға артқан.
Қазір елдегі әрбір бесінші жаңа автокөлік – Kia маркасына тиесілі. Осылайша бренд нарықтағы үлесін екі есеге дейін ұлғайтып, 20 пайызға жеткізген.
Sportage топ бастап тұр
Kia-ның үш моделі бірден айлық сатылымның үздік ондығына енді. Компанияның негізгі моделі кроссовер Sportage, бір айда сатылған көлік саны 1482-ге жетіп, былтырғы қаңтармен салыстырғанда 222 пайыздық өсім көрсетті. Бұл жалпы нарық рейтингінде екінші орын.
Бесінші орынға Cerato седаны орналасты, оның бір айлық сатылым көлемі – 493 көлік, бір жылда 413 пайызға артқан. Ал рейтингтің оныншы орнына алғаш рет енген Soluto шағын седаны 337 данамен бірден көзге түсті.
Kia-ның Қазақстандағы дистрибуция директоры Данияр Оразбаевтың айтуынша, көліктердің танымалдығына модельдердің әртүрлілігі, тартымды баға саясаты және ел ішіндегі өндірістің дамуы септігін тигізген.
«Қазір Қазақстанда сатылатын барлық Kia көлігі жергілікті жерде құрастырылады. Бүгіннің өзінде бес модельде мультимедиа мәзірі толықтай қазақ тілінде қолжетімді. Бұл бағыттағы жұмысымыз жалғасады. Биыл Kia көліктерін тұтынушыларға көптеген жағымды жаңалық әзірлеп отырмыз», – дейді Данияр Оразбаев.
Бұған қоса жеңілдік те бар
Компания ақпан айының соңына дейін Kia көліктерінің барлық 2025 жылғы моделіне арнайы баға ұсынып отыр. Мәселен, K5 пен Sorento көліктеріне 4,2 млн теңгеге дейін, Sportage моделіне – 4,5 млн теңгеге дейін, ал K8 моделіне 5 млн теңгеге дейін жеңілдік қарастырылған.
Компанияның айтуынша, мұндай тартымды шарттар мен модельдік қатардың тұрақты жаңарып отыруы Kia маркасының Қазақстан нарығындағы жетекші орнын одан әрі нығайта түседі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

