Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов соғыс ардагері Валентина Архиповна Волкодавты туған күнімен құттықтады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Қариямыз 103 жасқа толды, ол – нағыз ғасыр адамы. Валентина Архиповна 19 жасында майданға аттанып, Белоруссия мен Украина майдандарында көпірлер салу және өткелдер жасау үшін көпір салу отрядында болды. Ол Волга өзенінен Берлинге дейінгі жолды жүріп өтті, II дәрежелі ҰОС ордені және медалдармен марапатталған.
Соғыстан кейін Валентина Архиповна еліміздің дамуына қызмет етті. Целиноградтағы керамикалық зауытта бухгалтер болып жұмыс істеді, ал соңғы 30 жылдан астам уақытта Петропавлда тұрып келеді.
«Ардагерімізге денсаулық, ұзақ өмір және отбасылы бақыт тілеп, балалар мен немерелердің қызығын көре беруге тілектестік білдірдім», — деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желіде.