8 наурыз қарсаңында мұғалімдерге сыйлық іздеп, мессенжерлерде әбігерге түсетін ата-аналарға арналған маңызды ақпарат жарияланды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Ақпаратқа сүйенсек, ұстаздарға гүл сыйлауға рұқсат, бірақ оның құны заңмен шектелген.
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді мерекемен құттықтау заң бұзу болып саналмайтынын хабарлады. Алайда қымбат сыйлық жасау үшін ұжымдасып ақша жинауға болмайтынын ескертіп отыр.
Сыйлықтың құны 5 АЕК-тен аспауға тиіс, бұл — биыл 19 660 теңгеге тең.
Айта кетейік, 2025 жылы Халықаралық әйелдер күні сенбіге сәйкес келеді, яғни қазақстандықтар қосымша демалыс күн алады. Ережелерге сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, 10 наурызға ауыстырылады.
- бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8, 9 және 10 наурыз — демалыс күндері;
- алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 және 9 наурыз — демалыс, ал 10 наурыз — жұмыс күні.