Асанәлі Әшімовтің зайыбы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жүректі тебірентерлік жазба жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Актердің жары өмір мен өлімнің арасы қас-қағым сәт екенін айтып, жан жарына деген сағынышы мен жүрекке түскен ауыр қайғысымен бөлісті.
Бағдат Әшімованың айтуынша, ол құдай қосқан қосағымен 23 жыл, бір ай, үш күн ғұмыр кешкен. Алайда өмірлік серігінен бар болғаны үш минуттың ішінде айырылып қалуы өміріндегі ең ауыр сынақ болған.
«Адамның айтқаны орындалмайды, Алланың қалауына ешкім қарсы тұра алмайды», – деп жазды ол.
Бағдат Әшімова жазбасында жұбайын ақтық сапарға шығарып салуға жиналған қалың елге ерекше алғыс білдіріп, қайғысына ортақтасып, қолдау көрсеткен барша азаматтарға бас иетінін жеткізді.
Ол жаназа кезінде көпшіліктің дұғасы марқұмның рухына медет болатынына сенетінін айтты. Жазбасының соңында Бағдат Әшімова ел-жұртқа шын жүректен ақ тілегін арнап, әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тіледі.
Жақында сайтымызға белгілі режиссер Ақан Сатаев бұрынғы жұбайы Назира Бақаеваның сұхбатынан кейін ажырасуға қатысты түрлі қауесет әңгімелер қатысты жауап берген болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

