Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында орналасқан өндірістік нысан аумағынын өрт шықты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оқиға 15 наурызда тіркелді. Өрт қазақстандық «KazRez» ЖШС-ға тиесілі зауыт аумағындағы қоймадан шыққан.
ҚР ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов өртті сөндіру жұмыстарын тікелей үйлестіріп басқаруда. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те оқиға орнында.
Қазіргі таңда өртті сөндіруге Алматы облысының және Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің неден шыққаны анықталуда. ТЖД өкілдері оқиғаның себептері мен салдарын тексеруді жалғастырып жатыр.
Ресми ақпарат кейінірек қосымша хабарланады.