Қазақстанда жаңа бір палаталы парламент Құрылтайға сайлау биылғы тамыз айында өтетін болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы ғалымдарды марапаттау рәсімінде мәлім етті.
Президенттің айтуынша, жаңа Конституция 1 шілдеде күшіне енгеннен кейін бірден сайлау туралы жарлыққа қол қойылады. Тоқаев саяси партияларға сайлауалды науқанға толық дайындалуға бес ай уақыт беріліп отырғанын атап өтті.
«Партияларда сайлаушылармен кездесіп, науқанға әзірленуге жеткілікті уақыт бар», – деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы алдағы сайлауды елдің саяси жүйесін толықтай жаңғыртудың бастауы ретінде бағалап отыр. Оның пікірінше, саяси және экономикалық реформалар қоғамдық санадағы оң өзгерістермен қатар жүруі қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







