Хит әндердің орындаушысы, танымал қазақстандық әнші Жандаурен Аблаевтың Латвияға кіруіне тыйым салынған, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Тыйым туралы
Zakon.kz мәліметіне сүйенсек, мұны Латвияның сыртқы істер министрі Байба Браже мәлімдеген.
Оның айтуынша, Абылаев Латвияда «қалаусыз тұлға» саналады. Бұл туралы ол X парақшасында жазған. Артынша оның мәлімдемесі Латвия Сыртқы істер министрлігінің ресми парақшасында расталған.
Айта кетейік, Jazzdauren лақапатымен өнер көрсететін әншіге Иммиграция туралы заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға белгісіз мерзімге кіруге тыйым салынған.
«9 наурызда әртіс Латвияның Даугавпилс қаласында концерт өткізуі керек еді. Әзірге әншінің Instagram парақшасында бұл туралы ешқандай түсініктеме болған жоқ», — деп жазылған мәліметте.
Әнші туралы не белгілі?
Өнер иесінің шын есімі — Жандәурен Аблаев, Орал қаласында дүниеге келген қазақстандық әнші. Ол «Дарите женщинам цветы» атты әнімен танымал болды, бұл ән 2024 жылы жарық көріп, YouTube платформасында 123 млн қаралым жинады.
Jazzdauren қазақ және орыс тілдерінде әндер орындайды. Ол қазіргі қазақ музыкасының жаңа буын өкілдерінің бірі ретінде белгілі, жастар арасында да кеңінен танымал.