Сыртқы істер Таяу Шығыстағы қазақстандықтарды эвакуациялау жұмыстарының аралық қорытындысын жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандықтар арасында зардап шеккендер немесе қаза тапқандар туралы ақпарат тіркелмеген.
Таяу Шығыс елдерінде әлі де Қазақстанның мыңдаған азаматы қалып отыр:
- Иранда – 47 адам;
- Израильде – 163 адам;
- Катарда – 3 мыңнан астам адам;
- БАӘ-де – 4 мыңнан астам адам;
- Сауд Арабиясында – 1800 адам.
Бүгінге дейін Таяу Шығыстағы қазақстандықтардың 946-сы елге қайтарылды. Бүгін Маскаттан (Оман) Алматыға 314 азаматымызды жеткізетін арнайы рейс қонады. Сол жерден екінші рейспен тағы 230 адам эвакуацияланады. Жалпы, Омандағы 500-ден астам қазақстандық бүгін елге оралмақ.
Сонымен қатар бүгін Джидда – Атырау және Джидда – Ақтау бағытындағы рейстермен азаматтарды елге жеткізу жоспарланған.
Бұған қоса, Ираннан құрлық жолымен 15 қазақстандық алдымен Арменияға, содан соң Қазақстанға аман-есен жеткізілді.
СІМ өкілі эвакуация жұмыстары жалғасып жатқанын және ведомство барлық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша күш салып жатқанын атап өтті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







