Қазақстанның валюта нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
4 ақпан күні сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 505 теңгеден сатылуда.
Ал сатып алу бағасы 497-498 теңге аралығында. Алматыда америкалық валютаны сату бағамы 501-502 теңгеден белгіленген, сатып алу құны орташа есеппен 498-499 теңге болып тұр.
Бір күн бұрын, 3 ақпанда Астанадағы валюта айырбастау пункттерінде доллардың орташа сату бағамы 508,37 теңге, сатып алу бағамы 501,50 теңге болған. Алматыда сол күні долларды сату орташа 506,73 теңгеден, сатып алу 504,38 теңгеден жүзеге асқан.
Қазақстан қор биржасында (KASE) 3 ақпандағы сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 1,73 теңгеге төмендеп, 503,44 теңгені құрады.
Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырып, 18 пайыз деңгейінде сақтаған еді. Бас банкир Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің алдағы алты айда осы деңгейде қалуы мүмкін екенін айтқан.
Айтқандай, миллиардер Тимур Турлов түнеукүні депозитке қатысты пайдалы кеңес берген. Қаржыгер теңгеге сенім артып, жинақты ұлттық валютада сақтауға шақырып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

