Сот ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновке үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Журналист 23 желтоқсан күні Астанада ұсталған болатын. Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері Қасеновті тергеу амалдарына қатысуға Есіл аудандық полиция бөліміне шақырып, кейін уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Бұған дейін полиция «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасеновке қарсы қылмыстық іс қозғаған еді. Істің басталуына белгілі бизнесмен Тимур Турловқа тиесілі Freedom Finance компаниясының арызы себеп болған. Қазір қос журналист тергеу амалдарынан өтуде.

