Бет терісінің жастығын сақтау үшін А, Е және С дәрумендерін тұрақты түрде қабылдаған жөн, деп жазады Ertenmedia.kz.
Дерматолог дәрігер Станислав Арканников терінің қартаюын тежейтін негізгі дәрумендерді атады. Оның айтуынша, А дәрумені (ретинол) тері жасушаларының қалпына келуіне әсер етеді. Бұл дәрумен коллаген мен эластиннің өндірілуіне жауапты және терідегі пигменттік дақтарды азайтады.
– Дәрумен жетіспеген жағдайда теріде ұсақ әжімдер көбейіп, бет түсі бозарып, құрғап, түрлі бөртпелер пайда болады. Жалпы айтқанда, бұл терінің мезгілінен бұрын қартаюына себеп болады, – дейді дәрігер.
Ал Е дәрумені терінің май бездерінің жұмысын реттеп, ультракүлгін сәуледен қорғайды. Сонымен қатар, терінің зақымданған тұстарын тезірек қалпына келтіруге көмектесіп, ерте пайда болатын әжімдерден сақтайды.
С дәруменінің негізгі міндеті терідегі зиянды заттарды бейтараптандыру. Бұл дәрумен сыртқы ортаның кері әсеріне қарсы тұру қабілетін арттырып, бет терісін балғын әрі сау қалыпта сақтайды.
Айтқандай, ұйқы безінің қабынуына қарсы зерттелген ең тиімді дәмдеуіш – куркума екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







