Бүгін таңертең The Washington Post басылымында «Қазақстанның «Ибраһим келісімі жолындағы қызықты саяхаты» атты ірі мақала жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz.
The Washington Post: Қазақстан прагматикалық әрі тәуелсіз сыртқы саяси ұстаным көрсетті
Материалда елдің келісімге қосылуға бағытталған шешімі қалай қалыптасқаны, қандай сыртқы-саяси мақсат көзделгені терең талданып, жалпы мәтінде Қазақстанның қадамы ең алдымен ойластырылған, прагматикалық және мұқият есептелген деп бағаланған.
Мақаланың басында бастапқыда Вашингтондағы көптеген тараптар алдында Қазақстанның бұл қадамы таңқаларлық болып көрінгені, келісімге қосылу мотивациясына қатысты сұрақтар туындағаны атап өтілген. Кей тұста бұл қадам «Президент Трампқа арналған белгі секілді көрінеді» деп жазылған. Алайда мақалада Қазақстанның қандайда бір мақсатты көздейтіні де мойындалып, елдің жағдайын ескере отырып, бұл әрекетті табиғи әрі орынды деп бағалаған.
Материалда келесі жайттар ерекше көрсетілген:
Қазақстанның «Ибраһим келісіміне» қатысуы әрі Қасым‑Жомарт Тоқаевтың C5+1 форматында АҚШ-та өтетін кездесулер алдындағы сұхбаты арқылы жарыққа шыққан.
Америкадағы сарапшылардың пікіріне сүйенсек, бұл шешім «төмен шығынмен, бірақ жоғары әсерлі дабыл» ретінде бағаланған; оның басты мақсаты – Ресей мен Қытайға тәуелділікті азайту арқылы геосаяси әріптестікті әртараптандыру.
АҚШ тарапынан бұл қадам Қазақстанның батысқа ашылуын, Вашингтонмен ынтымақтастықты тереңдетуге ниеттілігін көрсететін көрінеді; атап айтқанда, Трамптың Қытайдың үстемдігінен шығуға бағытталған маңызды минералдар желісін құруға мән беріп жатқаны тілге тиек етілген.
Мақаланың қорытындысында: «Ибраһим келісімдеріне қосылу – АҚШ-тың позитивті назарын тартуға бағытталған ақылды әрі прагматикалық қадам» деп айтылған.
Қазақстан үшін бұл қадам, жалпы алғанда, сыртқы саясатта тәуелсіздігін көрсетіп, Мәскеу мен Пекиннен алшақтап, жаңа бағыттар арқылы халықаралық аренада орнықты болуға бағытталған стратегия ретінде көрінеді.

