Украина әскерилері АҚШ пен Ұлыбританияда ғана бар стратегиялық «Томагавк» қанатты зымырандарын иеленуге ұмтылуда. Генерал-лейтенант, Украина Қарулы күштері Бас штабы басшысының бұрынғы орынбасары Игорь Романенконың айтуынша, тіпті бірнеше ондаған зымыранның өзі Ресейдің стратегиялық нысандарына қысым жасауға жеткілікті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Unian сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда «Томагавк» зымырандарын ұшыратын жерүсті қондырғылар АҚШ пен Ұлыбританияда ғана бар. Алайда 2026 жылға қарай бұл жүйелер Филиппин мен Германияға да берілуі мүмкін. «Тайфун» деп аталатын ұшыру жүйесі Филиппинге жеткізіліп қойған, ал немістер тиісті сұранысты келесі жылға жолдаған.
Бұл үдеріс әлемде жоғары дәлдіктегі қару-жараққа деген сұраныстың артқанын көрсетеді. Украина да осы тізімнен қалыс қалмауға тырысуда.
Игорь Романенконың айтуынша, Украина АҚШ тарапынан ATACMS зымырандарының 300 шақырымға дейінгі радиусты түрін алуға үміт артып отыр. Бұл шешім жүзеге асқан жағдайда, келесі кезең – «Томагавк» зымырандары болуы ықтимал.
Батыстың заманауи зымырандары болмаса, Украина үшін Мәскеу секілді тереңдегі стратегиялық нысандарға соққы беру әзірге тек риторика деңгейінде қалып отыр.
Трамптың кезінде де Зеленскиймен әңгімесінде осындай соққылардың қашан жасалатыны туралы сұрақтар көтерілген еді. Алайда ондай қадамға бару үшін тек саяси шешім ғана емес, нақты әрекеттер қажет. Ал олар қазір тек АҚШ пен одақтастардың қолында.
Генералдың айтуынша, идеал жағдайда Украинаға жүздеген зымыран қажет. Бірақ тіпті оншақтысының өзі соғыс барысына әсер етеді. Романенко «Бұл қысым көрсетудің бір тетігі, әрі оны ертерек іске қосқан жөн» деп ойын ортаға салды.
Бүгінгі соғыстың табиғаты мен сипаты мүлде өзгерген. Жоғары дәлдіктегі қару, әуе соққыларына қарсы жүйелер мен ұзақ қашықтықтағы зымырандар – бұл тек тактикалық емес, стратегиялық артықшылық ие қарулар. Украина осыны жақсы түсініп отыр. Ал бұл қарудың қолда болуы дипломатия үстелінде де салмақты өзгертерге қол жеткізу үшін пайдалы.