11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертханасының қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталды. 60 кг-нан астам психотроп зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ, «синтетика» дайындауға арналған жабдықтар тәркіленді.
«Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған)», — деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасныда.