Президент Тоқаев Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Ertenmedia.
Кездесуде Еуразиялық одақтың қазіргі даму қарқыны мен келешегі талқыланды. Әсіресе Қазақстанның 2026 жылы ЕАЭО органдарына төрағалық ету кезіндегі басым бағыттарына ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ президентке 21 желтоқсанда Петерборда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы таныстырылды.
Еске салсақ, Алматы әкімі қызметінен Қаңтар оқиғасынан кейін кеткен Бақытжан Сағынтаев былтырдан бері ЕЭК алқасын басқарып келеді.

