Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойып, еңбегімен ел мерейіне бөленіп жүрген екі азаматты жоғары атақпен марапаттады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі, агроөнеркәсіп кешенін және тау-кен өндіру саласын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені:
Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мәмбетов және К» КС механизаторы Қаражұманов Мұрат Кеңесұлына;
Қарағанды облысындағы «Qarmet» АҚ КД «Шахтинская» шахтасы учаскесінің бастығы Чернобай Сергей Петровичке тапсырылды.

