Алдағы күндері Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапар жасайды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, сапар 18-20 желтоқсан күндеріне жоспарланған. Күн тәртібіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императоры Нарухитомен, Премьер министр Санаэ Такаичимен және елдің іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.
Мұндай форматта саясат пен экономика қатар жүреді, бір жағында дипломатиялық байланыс, екінші жағында нақты жобалар мен инвестиция жайы тұрады.
Сапардың тағы бір өзегі бар. Президент «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады. Жапония және Орталық Азияның бес елі бір алаңда бас қосады. Мұндай кездесулер әдетте аймақтық қауіпсіздік, тұрақты экономикалық даму, инфрақұрылым, логистика, технология, сондай ақ ортақ бастамаларды ілгерілету сияқты бағыттарды талқылауға мүмкіндік береді.
Жапония үшін Орталық Азия маңызды әріптес, Қазақстан үшін Жапония нарығы мен технологиясы бөлек салмаққа ие.
Қысқасы, Токиоға жоспарланған ресми сапар хаттама үшін ғана жасалып жатқан қадамға ұқсамайды. Кездесулер тізімі де, саммиттің өзі де Қазақстанның сыртқы саясаттағы жұмысын күшейтетін, ал бизнес деңгейінде нақты келісімдерге жол ашатын мүмкіндік ретінде көрінеді.

