Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына байланысты құттықтау жолдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ақорда мәліметінше, президент өз хатында соңғы жарты ғасырдағы алғашқы айды айнала ұшқан ғарыш сапарын адамзат тарихындағы жаңа белеске теңеген. Тоқаев америкалық ғылымның жетістіктері бүкіл әлемдегі ғалымдар мен инженерлерге тың серпін беретінін атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Трампқа «Артемида» бағдарламасы мен ғарышты игеруге бағытталған өзге бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.
Айта кетейік, бүгін, 11 сәуірде NASA-ның «Артемида-2» миссиясының астронавттары Айды айналып, Тынық мұхитына қонды. Агенттік «Орион» ғарыш кемесінің Жерге оралған сәтінен видео жариялады.
Бұған дейін Тоқаев пен Трамптың арасындағы диалогтың тосын деталі желіге тарап кеткен еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







