Қазіргі таңда интернет өміріміздің барлық саласына енді. Бірақ цифрлық мүмкіндіктермен бірге интернет алаяқтық қауіпі де артып келеді. Алаяқтар әлеуметтік желілер, мессенджерлер, жалған сайттар мен қоңыраулар арқылы азаматтардың жеке және қаржылық мәліметтерін алдап алуға тырысады.
Түркістан облысында интернет-алаяқтық қылмыстары 46,5% (303-тен 444-ке) жоғарылаған.
Интернет –алаяқтықтың басым көпшілігі Бәйдібек 300,0% (1-ден 4-ке), Ордабасы 80,0% (15-тен 27-ге), Түлкібас 163,6% (11-ден 29-ға) аудандарында Кентау қаласында 238,5% (13-тен 44-ке) жоғарылаған.
Тіркелген интернет-алаяқтық қылмыс тәсілдеріне келетін болсақ, ең жиі кезедесетін түрлері келесідей:
- Банк қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкері, байланыс операторлары және пошта қызметкерлері – 123 дерек (жалпы шығын – 345 млн. 140 мың теңге);
- жалған инвестициялық алаяқтық схемалары – 47 дерек (жалпы шығын – 173 млн. 658 мың теңге);
- тауарға немесе қызметке алдын ала төлем («Wildberries», «TEMU», «Колеса», «Крыша», «ОЛХ» және т.б.) – 109 дерек (жалпы шығын – 24 млн. 340 мың теңге);
- мессенджерлер арқылы танысы ретінде ақша сұрау – 19 дерек (жалпы шығын – 7 млн. 550 мың теңге);
- ұтыс ойындары – 3 дерек (жалпы шығын – 3 млн. 200 мың теңге);
- өзге түрлері – 35 дерек (жалпы шығын – 113 млн. 273 мың теңге).
Киберқылмыскерлер өз мақсаттарын іске асыру үшін интернет-технологиялардың, әртүрлі электрондық төлем жүйелерінің және жасанды интелект күштерін теріс мақсатта кеңінен қолдануда.
Алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері — өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, карта деректері мен СМС-кодтарды сұрау, күмәнді сілтемелер жіберу, интернет-дүкендер арқылы жалған тауар сату. Мұндай жағдайлардан сақтану үшін әрбір азамат қарапайым ережелерді ұстануы қажет.
Осыған орай, жеке мәліметтеріңізді ешкімге бермеңіз, белгісіз сілтемелерге өтпеңіз. Жаңартылған антивирус пен екі факторлы қорғанысты қолданыңыз. Күмән туындаған жағдайда, бірден банкке немесе құқық қорғау органдарына тікелей хабарласыңыз.
Есіңізде болсын: сақтық – интернеттегі қауіпсіздіктің басты шарты.
Айдын ТӨРЕБЕКОВ, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы
#Заң_және_Тәртіп