Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Тарихи таным» экспедициясы ұйымдастырылды. Сырлы Созақ пен киелі Түркістан қаласы арасын жалғаған шара түрлі этнос жастарының қатысуымен өтті. Бұл сапар — ел тарихын тануға, рухани мұраны насихаттауға және этностардың татулығын дәріптеуге бағытталған,- деп хабарлайды Ertenmedia
Экспедиция мүшелері Түркістан қаласындағы «Достық үйінен» сырлы Созаққа жолға шықты. Делегация құрамында өңірдегі «Ассамблея жастарының» белсенді мүшелері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң басшылығы мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері бар.
Шара мақсаты — туристік маршрутты қалыптастыру, тарихи нысандар туралы деректі-танымдық фильм дайындау. Сондай-ақ, экпедиция мүшелері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосып, тазалық шарасын да ұйымдастырды.
Сапар аясында экспедия мүшелері Созақ ауданындағы тарихи-мәдени нысандарды аралап, құнды жәдігерлермен танысты.
Танымдық-тағылымдық сапар жастарға рухани байлық қана емес, сондай-ақ жаңа идеялар мен ынтымақтастыққа жол ашып, патриоттық сезімді нығайтуға зор ықпал ететіні сөзсіз.