Сауран ауданында көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шара Түркістан – Кентау автомобиль жолының бойында, атап айтқанда Оранғай және Иассы ауылдық округтерінің аумағында өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Тазалық акциясына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бастаған аудан активі, мемлекеттік қызметкерлер, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, дін өкілдері, белсенді азаматтар мен ерікті жастар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар — барлығы 600-ге жуық адам қатысты.

Шара барысында ұзындығы 21 шақырымға созылған Қарашық өзенінің бойы тазартылып, қоқыс қалдықтары жиналды. Сонымен қатар ретсіз өскен ағаш бұталары кесіліп, ағаш түптері әктелді. Жалпы тазалық жұмыстарына 20 дана техника жұмылдырылды.
Аудан әкімі тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, аудан аумағында көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта ауылдық округтерде де осындай ауқымды экологиялық шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.