Бүгін Түркістан облысы Нұрлыхан Көшеров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірде құны 152 миллиард теңге болатын 99 инвестициялық жоба жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.
Бұл жобалар 20 индустриалды аймақта орналасқан. Әзірге 39 миллиард теңге көлемінде қаржы тартылып, 50 кәсіпорын іске қосылған, 2609 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Облыс әкімінің айтуынша, өндірісті дамыту үшін сырттан әкелінетін тауарларға талдау жүргізілген. Құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және тамақ өндірісі – негізгі импорт үлесін құрап отыр.
Көшеровтің пайымдауынша, осы бағыттарда өңірде өндірісті жолға қоюға мүмкіндік бар. Инвесторларға дайын алаң ұсынылып, нақты жобалармен келісім жасалған.
«Turan» арнайы экономикалық аймағында да 28 ірі жоба қолға алынған. Оның жалпы құны – 211,8 миллиард теңге. Бұл бастамалар толық іске асса, 6361 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Мемлекет басшысы жариялаған жаңа экономикалық бағыт шеңберінде Түркістанда жоғары технология мен инновацияға негізделген өндіріс дамып келеді.

