Түркістанда жаппай астан улану дерегі тіркелді, деп хабарлайды ErtenMedia 24kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық орталық ауруханаға 22 науқас жатқызылды. Ақпарат көздеріне сүйенсек, науқастардың жасы 12 мен 14 аралығында.
«Барлығы да сушиден ұшынған болуы мүмкін. Дәрігерлер «Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай» диагнозын қойды. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы қалыпты», — деп жазылған мәліметте.
Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарына жатқызылған, оларға тиісті ем тағайындалған.