Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан халықаралық турнир өтті. Спорттық жарыс қазақ жазушысы Саттар Ерубаевты еске алуға арналды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Турнирге Өзбекстан, Қырғызстан елдері мен Талдықорған, Ақтөбе, Байқоңыр қалалары және Түркістан облысындағы аудан-қалалардан 250-ге жуық спортшы қатысты. Шара Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен.
Нәтижесінде ұлдар арасында 1-орынды Түркістан қаласының командасы жеңіп алды. Жүлделі 2-орынды Қырғызстаннан келген команда, 3-орынды Байқоңыр қаласынан келген құрама иеленді.
Ал қыздар арасында 1-орынға қырғызстандық құрама, 2-орынға Түркістан қаласы, 3-орынға өзбекстандық құрама табан тіреді.
Жарыс соңында барлық қатысушылар марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.
Аталған турнир жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және спорт арқылы жастарды тәрбиелеуге бағытталған.