Бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы әдеп мәселелері жөніндегі уәкіл» тақырыбында семинар өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілер мен мекеме қызметкерлерінің арасында әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру және әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің маңызын түсіндіру.
Аталған жиынға Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Керімбекұлы, Түркістан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Бақыт Жолдасбекұлы, Қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а Болат Серікұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ернұр Жұматайұлы және мемлекеттік органдар мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Мұндай семинарлар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметкерлер арасына әдеп нормаларының сақталуына зор ықпал етпек.

