Ауыл шаруашылығы – Ұйғыр ауданында негізгі салаларының бірі. Еңбекқор шаруалардың маңдай терімен өсірілген өнімдерді елге таныту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау және ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында Ұйғыр ауданы ауыл шаруашылығы көрмесін ұйымдастырды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Бұл көрме – тек өнімдердің сапасын көрсету алаңы ғана емес, сондай-ақ аудандағы кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының еңбегін бағалап, олардың ауыл шаруашылығына қосқан үлесін насихаттаудың тиімді жолы. Көрме аясында жергілікті шаруалардың табиғи әрі экологиялық таза өнімдері мен ұлттық тағамдардың алуан түрімен таныстырылды.
Көрмеге ауданның көптеген кәсіпкерлері мен шаруашылық иелері қатысты. Олар тауық еті, сүт өнімдері, бал, жеміс-жидек, қолөнер бұйымдары және басқа да өнім түрлерін ұсынды.
Бұл келушілер үшін ауылдың нағыз дәмін сезінуге таптырмас мүмкіндік болды.
Сонымен қатар, ұлттық тағамдар мен дәстүрлі өнімдердің кеңінен ұсынылуы қазақ халқының бай мәдениеті мен асханасын насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін асыл мұраны сақтауға үлкен үлес қосады. Осындай игі бастамалар ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және болашақта ауданның ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.