Қазақстандағы қайтарылған активтерді басқарушы компания елдегі ірі салық төлеуші мекеме қатарына кірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бір жылдың ішінде компания мемлекеттік бюджетке 4,3 млрд теңге салық төлеп, Арнайы мемлекеттік қорға тағы 50,5 млрд теңге аударған
«КУВА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайтарылған активтерді сату арқылы Арнайы мемлекеттік қорға қаржы түсіріп қана қоймай, бюджетке миллиардтаған теңге салық төлеуде де елеулі үлес қосып отыр.
«2025 жылы компания бюджетке 4,3 млрд теңге салық төледі. Осы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы алғыс хатына ие болды», – делінген компания хабарламасында.
Арнайы қорға аударылған 50,5 млрд теңге қаржы енді ел аумағындағы маңызды әлеуметтік жобалар мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Осылайша, қайтарылған активтер халықтың игілігіне қайта қызмет етпек.
Қайтарылған активтер демекші, атышулы Қайрат Сатыбалдының әйгілі базары әлі күнге сатылмай тұр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

