Ұлыбританияда Маргарет Тэтчерге Назарбаев сыйлаған орден сатылып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Награда 8 миллион теңгеге бағаланған.
Нұрсұлтан Назарбаев награданы Ұлыбританияның экс-премьері Маргарет Тэтчерге екі ел арасындағы байланысты дамуына қосқан үлесі үшін берген болатын.
Енді орден 12,5 мың фунт стерлингке сатылмақ.
Бұл туралы хабарландыру антиквариаттар сатуға арналған Peter Harrington сайтында жарияланған.
«Асыл тастары бар орден көк түсті барқытқа тігілген. Жиынтықта ақ атласты астары бар және «достық« деген жазуы бар түпнұсқа қорап, сондай-ақ жезден жасалған бекіткіштер бар«, — делінген лоттың сипаттамасында.
Сонымен қатар, сипаттамада орденнің ешқандай зақымы жоқ, тек аздаған сызаты бары айтылған.