Ұлттық қауіпсіздік комитеті атышулы стендап-комик Нұрлан Сабыровқа қатысты тексеріс жүргізіп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұған дейін редакцияның ресми сауалына екіұшты жауап қатқан комитет, ақыр соңы осы тараптағы ел пікірін ескерген сынды. Тексеріске Сабыровтың Украинада небір зұлымдық жасаған «Уағнер истра» жасағына тарту еткен сый-сияпаты түрткі болған.
Бұдан бөлек комик соғысқа арналған қорға 2 млн рубль аударған. Тіпті әлгілерге «жеңіспен оралуды» тілеген сәті де анық көрінеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріс фактісін растады, алайда оның қашан аяқталатынын ашып айтпаған.
Заңгер Бауыржан Оңғаровтың пікірінше, Сабыровтың әрекеті Қазақстан заңнамасы бойынша ауыр қылмыс санатына жатады. Қазақстанға қатысы жоқ жеке әскери құрылымдарға қаржылай немесе материалдық қолдау көрсету Қылмыстық кодекстегі «Жалдамалы жендеттік» бабына сай келеді. Осы бап бойынша жаза ретінде 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сабыровтың айналасындағы дау өткенде оның Ресейге кіруіне 50 жылға тыйым салынғаны белгілі болған соң өршіген еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

