Елордадағы өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев ваучерлік қаржыландыру жүйесінің тиімді тұстарын атады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру жобасы Қазақстан аумағы бойынша іске асырылып жатыр. Соның аясында кезекке тұрудан бастап, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге дейінгі барлық процедура толық қайта қаралуда.
– Ваучерлік қаржыландыру жүйесінің тиімді тұстары: Біріншіден, ваучер алған ата-аналар тізімге енгізілген кез келген балабақшаға орын алады. Бұл ата-аналарға таңдау еркіндігін береді және балабақшаларға келушілерді тарту және ұстап тұру бойынша қызмет көрсету сапасын жақсартуға күшті ынталандыру жасайды.
Нәтижесінде біз «әділдік» қағидасына қол жеткіземіз. Екіншіден, ең маңызды өзгеріс – балабақшалардың жұмысын бағалаудың қайта ойластырылған тәсілі.
Ата-аналар білім беру қызметінің сапасын тікелей бағалайтын болады. Бұл субъективтілікті жойып, қызмет көрсетудің жалпы деңгейін арттырады. Сонымен қатар жоба салауатты бәсекелестік тудыратын және сапаны айтарлықтай жақсартатын нарықтың жаңа құрылтайшыларына есік ашады. Тиісінше, бұл қадам «сапа» принципіне жетелейді. Үшіншіден, жергілікті атқарушы органдардың әрбір балабақшаға мемлекеттік тапсырыс көлемін бекіту функционалдығы жойылады және ваучерлік қаржыландыруға толығымен көшу жүзеге асырылады, яғни енді қаражат балаға беріледі. Егер бала басқа балабақшаны таңдап, ауысқан жағдайда, ваучер сол баламен басқа балабақшаға ауысады. Осылайша, «ашықтық» принципіне қол жеткізіледі», — деді басқарма басшысы.
Ваучерлік қаржыландырудың негізгі қағидаттары:
— балабақшаға орын үшін кезекке тұрса, қазір ваучерге кезекке тұрады.
— балабақшаны Білім басқармасы анықтаса, қазір балабақшаны ата-ана таңдайды.
— мемлекеттік тапсырыс балабақшаға бекітілсе, қазір ваучер баланың соңынан ереді.